Біз туралы » Страница 3 » №167 орта мектебі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"№167 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 554-3-59
Есепші бөлімі:
+7(7243) 554-3-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқуға құштар мектеп "жобасы
18
октябрь
2023
Оқуға құштар мектеп "жобасы
5,7 сынып оқушылары арасында "Оқуға құштар мектеп "жобасы аясында қазақ поэзиясының символы М .Мақатаевтың "Үш бақытым" өлеңдер жинағына мәнерлеп оқу ұйымдастырылды.Мақсаты:оқушыларды қазақ ақыны,біртуар тұлғасы М .Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен  таныстыра отырып,ақиық ақын Мұқағалиды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, Отанына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көңілді үзіліс
03
октябрь
2023
Көңілді үзіліс
5б сыныбының ұйымдастыруы мен көңілді үзіліс өткізілді.Көңілді үзілісте 6б сыныбы топты жарып,белсенділік танытып өздерін көрсете алды. Мақсаты:Оқушыларға жақсы көңіл -күй сыйлап,достық қарым -қатынаста болу.
"Оқуға құштар мектеп "жобасы
03
октябрь
2023
"Оқуға құштар мектеп "жобасы
"Оқуға құштар мектеп "жобасы аясында  "Кітапхана әлеміне-саяхат" тақырыбында  1"б"сынып оқушылары саяхат жасап, оқырман ретінде қабылданды .Бүлдіршіндер кітапхана ережесімен ,кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныс болды. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты ертегілер мен балаларға арналған журналдар топтамаларын қызыға тамашалады.Мектеп кітапханашысы Р.Сарсенова.
"Ұлы даланың-ұлтаралық тілі" атты пікірталас болып өтті.
20
сентябрь
2023
"Ұлы даланың-ұлтаралық тілі" атты пікірталас болып өтті.
Қазақстан халқының тілдер күніне орай,Ұшқыр ой дебат клубының жетекшісі Н.Бегентаев және қазақ тілі  бірлестігінің  ұйымдастыруымен "Ұлы даланың-ұлтаралық тілі" атты пікірталас болып өтті. Мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі қызметіне оқушылардың көзқарасымен баға беру. Оқушылардың саяси мәселелерге өзіндік үн қоса алуына жол ашу.Өз пікірін жасқанбай айта білуге үйрету.