5сынып жетекшілерімен оқушылардың күзгі уакыттарын тиімді қолдану барысында "Мағжан Жұмабаевтың 130жаска толуына "байланысты оқушылар өздері жаттаған өлеңдерінен әңгімелерінен үзінді айтты. Мақсаты:М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы поэзия әлеміндегі алатын орны .Ақынның қуатты өлеңдері арқылы жастардың жүрегіне от беретін үнді әуен қалдыру.
Күзгі демалыс жоспарына сәйкес 5 сынып жетекшілерінің ұйымдастырумен оқушылардың демалыс уакытын тиімді пайдалануға арналған іс-шаралар өз жалғасын табуда. Соның бірі 5 сынып оқушыларына арналған *"Жүзден жүйрік"* атты интеллектуалды сайыс өткізілді. *Мақсаты:* оқушылардың білім, білік дағдыларын шыңдау. Сайыс 3кезеңнен тұрды. 6 пән бойынша өткізілген сайыста оқушылар өте белсенділік танытты. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
"Тоғыз айға - тоғыз жоба" бойынша 5 сынып оқушылары арасында "Асық ату" челенджі болып өтті. Мақсаты: Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
2"а"сыныбында, сынып жетекшісі Баймаханова Айнұрдың ұйымдастыруымен "Бала құқығы-асыл қазына!" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп,өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру.
Мектебіміздің оқушылары Бексейтов Әділетпен Әбжаппар Сұлтанқұл волейболдан қазан айының 30 мен қараша айының 1 і аралығында өткен оқушылар арасындағы облыстық күзгі спартакиаға қатысып аудан құрамасы жүлделі бірінші орынды иеленді. Түркістан облысында Волейболдан 2005 2006 ж.т жасөспірімдер арасындағы Қ. Р ның күзгі чемпионатында мектебіміздің оқушысы Бексейтов Әділет қызылорда облысы құрамасында өнер көрсетіп жүлделі екінші орынды иеленіп күміс медальмен марапатталды. Оқушыларды жарысқа
Ұшқыр ой дебат клубының жетекшісі Н.Бегентаев және қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен "Менің құқығым" атты пікірталас болып өтті. Мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі қызметіне оқушылардың көзқарасымен баға беру. Оқушылардың саяси мәселелерге өзіндік үн қоса алуына жол ашу.Өз пікірін жасқанбай айта білуге үйрету.
3 сынып оқушыларының күзгі демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында 2 қазан күні сынып жетекшілері Н.Қалдарбекова мен А.Бердікееваның ұйымдастыруымен "Күзгі табиғат тамашалады" тақырыбында сурет салу жұмысы жүргізілді. Мақсаты: балалардың күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру, табиғат әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.
К.Жумадилованың ұйымдастыруымен " Нашақорлық-ғасыр дерті" тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. Мақсаты:Оқушыларға нашақорлық-ғасыр дерті екендігін,есірткінің адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып,саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.