25 қазан Республика күніне орай 5 сынып оқушыларын Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне арналған «Республика ерікті ел Қазақстан» атты салтанатты шарасы өткізілді. Республика күніне арналған білім алушылардың өлең-шумақтарын ән билерін арнады. Ұйымға қабылдау жиынында өскелең ұрпаққа галстук тағылды. Мектеп директоры Елемесов Қалдыбай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданған оқушыларға өз жылы лебізін білдіріп, құттықтады. Показать
Ауылымыздан шыққан ұлы тұлғаларды дәріптеу соның ішінде мектебіміздің түлегі, мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында 8 “ә” сыныбында “Бақ қонған Бәйтерек” атты танымдық сынып сағаты болып өтті.
Г.Шайдарова 8”б” сыныбында “Қоғам қайраткері-Бердібек Сапарбаев” тақырыбында танымдық сағат өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақ пен еліміздің барлық азаматтары үшін іске адал қызмет етудің,ерекше еңбекқорлық пен патриотизмнің жарқын үлгісі бола білген жерлесіміз,мектебіміздің түлегі -Б.Сапарбаевтың өмңр жолымен,еңбек жолымен таныстыру.
5б сыныбының ұйымдастыруы мен көңілді үзіліс өткізілді.Көңілді үзілісте 6б сыныбы топты жарып,белсенділік танытып өздерін көрсете алды. Мақсаты:Оқушыларға жақсы көңіл -күй сыйлап,достық қарым -қатынаста болу.
Қазақстан халқының тілдер күніне орай,Ұшқыр ой дебат клубының жетекшісі Н.Бегентаев және қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ұлы даланың-ұлтаралық тілі" атты пікірталас болып өтті. Мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі қызметіне оқушылардың көзқарасымен баға беру. Оқушылардың саяси мәселелерге өзіндік үн қоса алуына жол ашу.Өз пікірін жасқанбай айта білуге үйрету.