Бимбетов Ұланбек Әбдібекұлы
Бимбетов Ұланбек Әбдібекұлы
1984 ж 29 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында туылған. Білімі – жоғары. 2002-2006 жж Түркістан қаласы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тарих-география пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2006-2011 жылдары №180 мектепте мұғалім, директордың тәрбие ісі орынбасары, 2011-2013 жылдары аудандық білім бөлімінде, 2013-2015 жылдары кент орталығындағы №3 мектеп-интернаты директордың тәрбие ісі орынбасары, 2015-2017 жылдары Жаңақорған аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы, 2018-2023 жылдары білім бөлімінде бас маман, әдіскер қызметін атқарған. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың тамыз айына дейін Жаңақорған кентіндегі №289 мектеп директоры, 2025 жылдың тамыз айына бастап Жаңарық ауылындағы №167 мектеп директоры болып жұмыс жасап келеді. Отбасылы, 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.